18 28 38 48 58 68 78 8817 27 37 47 57 67 77 8716 26 36 46 56 66 76 8615 25 35 45 55 65 75 8514 24 34 44 54 64 74 8413 23 33 43 53 63 73 8312 22 32 42 52 62 72 8211 21 31 41 51 61 71 81 Цифрлық нотация — цифрлар көмегімен шахмат ойынын жазып алу тәсілі. Жазысуға негізделген халықаралық жарыстарда қолданылады.

Шахмат партиясы цифрлық кодпен келесі түрде жазылады. Жүріс төрт мәнді цифрмен жазылады: фигура жүрілген шаршы мен ол жылжытылған шаршы көрсетіледі. Фигуралар мен басқа таңбалар – шах, мат қалдырылып кетеді. Рокировка тек корольдың жүрісімен жазылады; ақтар үшін қысқасы- 5171, ұзыны – 5131; қаралар үшін сәйкес 5878 және5838.

8 немесе 1-деңгейлеске жеткен пешкалар фигураға айналған кезде ол айналған фигураны білдіретін цифр қосылады: 1-ферзь, 2-тура, 3-піл,4- ат.Испан партиясының ашық вариантының бастапқы жүрістерін жазу мысалы. Алгебралық нотация Цифрлық нотация1. е2—е4 е7—е5 1. 5254 5755 2. Kg1—f3 Kb8—с6 2. 7163 2836 3. Cf1—b5 а7—а6 3. 6125 1716 4. Сb5—а4 Kg8—f6 4. 2514 7866 5. 0—0 Kf6:е4 5. 5171 6654 6. d2—d4 b7—b5 6. 4244 2725 7. Са4—b3 d7—d5 7. 1423 4745 Тағы қараңыз Алгебралық нотация Сипаттамалық нотация Жас шахматшы энциклопедиясы. / Бас ред. Б. Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-72-1 Дереккөздер

Санат:Шахмат