Үлкенкөзді трешер акуласы () – теңіз түлкісі тұқымына жататын акуланың бір түрі.
Биологиялық сипаттамасы Үлкенкөзді Трешер акуласының ұзындығы шамамен 4,8 метр, салмағы 364 келіні тартады. Оның басы алмұртқа ұқсайды. Трешер акуласының дене жылуын екі бүйірінде орналасқан ұсақ қан тамырлары сақтап тұрады. Үлкенкөзді Трешер акуласының дене жылуы өзі жүзетін судың температурасынан бірнеше градусқа (3- 8) жоғары болады. Трешер жыртқыш балықтар қатарына жатады. Ұсақ балықтармен және кальмарлармен қоректенеді. Ерекшелігі Үлкенкөзді Трешер акуласының қорегін ұстауы басқа акулалардан ерекше. Себебі ол алдымен балықтарды ұзын құйрығымен сабап, есту қабілеттерінен айырады. Трешер акуласының көздері үлкен. Оның ұзын жоғарғы жүзбеқанаты, сонымен бірге кең және иілген кеуде жүзбеқанаты болады. Үлкенкөзді Трешер акуласының құйрығы денесіне қарағанда ерекше ұзын. Таралуы Үлкенкөзді Трешер акуласы теңіздің терең суларында тіршілік етеді. Оларды Атлант, Үнді мұхитынан, Тынық мұхитынан кездестіруге болады. Тағы қараңыз Акула Бір тұқымдасқа жататын Трешер акуласы. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер
Санат:Акулалар