Антонов Ан-22 «Антей» («бұйым 100», НАТО кодтау жүйесі бойынша: Cock) — кеңестік ауыр турбовинтті көліктік ұшақ. Бірінші кеңестік кеңфюзеляжды ұшақ. Алғаш рет аспанға 1965 жылы көтерілді. Сериялы 68 ұшақ жасалынды, сонымен бірге сынаулар үшін екі бөлек ұшақ жасалынды.

КСРО ӘӘҚде қолданылды, Ресей ӘӘҚта және украиндік «Antonov Airlines» желісінде қолдану жалғасын тапты.

Аэродинамикалық сызбанұсқасы Төртқозғалтқыш турбовинтті жоғарыплан, екікильді қауырсынмен және жүктік люкпен жабдықталған.

Тарихы нобай|250 px|Антонов Ан-22 Украинада

Антонов Ан-22 («бұйым 100») ұшағының жобалауы бойынша жұмыстар 1960 жылы басталды, оны басқарған бас конструктор А.Я. БелолипецкийАн-22 басқарды. Жүктік кабина жобалауы сол кездегі әскери техниканы сыйдыру негізімен жобаланды, 50 тоннаға дейін.

1961 жылы макеттік комиссияның «бұйым 100» бойынша мәжілісі өтті. 1963 жылы прототип дайындалуы басталды, 1964 жылдың жазына таман дайын болды. 1964 жылдың 18 тамыз күні бірінші ұшақ ұшу сынақтарына берілді. Осы уақыттан бастап ұшақ Ан-22 «Антей» атауын алды.

Алғаш ұшуын Ан-22 1965 жылдың 27 ақпанында Киев Әуе зауотынын аэродромынан Узин әскери аэродромына өткізді. Кабина ішінде Ю.В. Курлина, ал екінші пилот В.И. Терског, штурман П.В. Кошкина, бортинженер В.М. Воротникова, бортэлектрик М.П. Раченко, бортрадист Н.Ф. Дробышева және жетекші инженер. Н. Шаталов болды. Бірінші халықтық ұшақ демонстрациясы 1965 жылдың 15 маусымында Ле Бурже авиасалонында өтті.

Ан-22 сериялық жасалуы Ташкентское авиациязауотында орнатылды. Алғаш «Антеилер» ӘӘҚ құрамына 1969 жылдың қаңтарында басталды. Ұшақ жасалуы 1976 жылға дейін созылды. 1965 жылдаң қарашасынан 1965 жылға дейін 66 «Антеи» жасалынып, оның 22 — Ан-22А үлгісінде.

2010 жылда 7 Ан-22 қолдануда (6 Ресейде және 1 Украинада), 18 сақталуда.Неофициальный реестр Ан-22 Ресейде 2011 жылда: RA-09342, RA-09328, RA-09329, RA-08832, RA-09309, RA-09344.

Жетекші сынаушылар Авиация генерал-майоры Дедух С.Г.; Полковник-инженер Панков И. М.; Полковник-инженер Ищеев М.П.

Нұсқалары нобай|250 px|Үшкилдік қауырсыны бар ұшақ Ан-22ПЗ, UR-64459 Ан-22 — базалық; Ан-22А — 80 тоннаға дейінгі жүктерді көтеруге арналған ұшақ; Ан-22А — жетілдірілген. Әуе стартермен ерекшеленеді. 28 ұшақ дайарланған; Ан-22ПЗ («тасымалдаушы») — Ан-124 және Ан-225 ұшақтарының үлкен габоритті бөліктерін тасымалдау үшін жасалған.1980—1983 жылдары 3 ұшақ жасалған.

Техникалық сипаттамасы thumb|250 px|Ан-22 ұшқыштарының жұмыс орны нобай|250 px|Ан-22 ұшағының силуэті

Сипаттамалар Ан-22 Экипаж 5-7 ұшқышСыйымдылығы әскерилер — 290 десантшылар — 150 жарақат алғандар (зембіл үстінде) — 202Ұзындығы 57,37 мҚанат жаймасы 64,4 мҚанат ауданы 345 м²Биіктігі 12,54 мБос ұшақ салмағы 118727 кгМаксималды қону массасы 27000 кгКрейсерлік жылдамдығы 550 км/сағ, (9000 м биіктікте) Толық ұшақ массасы 120000 кгМаксималды жүктеме 60000 кгҰшу қашықтығы 5225 кмМаксималді жанармай салмағы 96000 кгҚажетті ұшу-қону жолағының ұзындығы 1460 мҚозғалтқыштар (2×) НК-12МАҚозғалтқыштың қуаттылығы 11240 кВт

Қолданылған әдебиет Андреев И. Воздушные гиганты // Техника — молодёжи. — 1977. — № 10. — С. 50-51. Беляев В. В., Ильин В. Е. Российская современная авиация. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 9-13. Военная авиация. — Кн. 2. — Мн.: «Попурри», 1999. — С. 99-101. Заярин В. М., Краснощёков А. Н. Античный герой XX века // Авиация и Время. — 1997. — № 5. — С. 4-20. Ильин В. Е. Военно-транспортная авиация России. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 45-59. Лагутин О. В. Самолёт на столе. — 2-е изд., испр. и доп. — Киев: «АэроХобби», 1997. — С. 121—122. Оперативно-стратегический военно-транспортный самолёт Ан-22 «Антей» // Авиация и космонавтика. — 2003. — № 8. — С. 34-35. Якубович Н. В. Антей не из легенды // Крылья Родины. — 1997. — № 1. Якубович Н. В. Все самолёты О.К. Антонова. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 130—150.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Фотообход Ан-22А «Антей» RA-09309 на авиасалоне МАКС-2009 Фотообход Ан-22 из Монино История самолёта Ан-22 «Антей» на сайте 81 втап

Санат:Антонов ұшақтары Санат:КСРО ұшақтары