Андрей Павлович Кучкин (7 желтоқсан 1888 жыл, Белорет — 30 наурыз 1973 жыл, Мәскеу ) — кеңес тарихшысы. Тарих ғылымдарының докторы, профессор (1951). 1912 жылдан КОКП мүшесi. Кеңес өкіметі үшiн күреске және Азамат соғысына белсене қатысушы.

1907-1916 жылдары Белорецк, Уфа, Вятка қалаларында жасырын рев. жұмыстар жүргiзген. Бiрнеше рет түрмеге түсiп, айдауда болған. 1917 жылы буржуазияшыл-демокр. революциядан кейін Вятка қалалық Советі мен РСДЖ (б) П Комитетiн ұйымдастырушылардың бiрi. «Ұлы Отан соғысы тарихының» редакциялық комиссиясының мүшесi. 2 рет Ленин орденiмен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6

Дереккөздер

Санат:1888 жылы туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар