Құрама конструкциялар— құрылыс жүріп жатқан орындарда да-йын бөлшектерден (элементтерден) құ-растырылатын қурылыс конструкция-лары. Құрылысты индустриялы әдіс-пен жүргізудің ең басты бағьгты — құрама Құрылыстар. Құрылысты ин-дустрияландыру жүмыстарына Қ. к-ды механикаландырылған арнайы заводтарда жасау, оларды құрастыру орындарына транспортпен жеткізу әрі құрылыс алаңдарында механикалан-дырылған тәсілмен жинап құрастыру жұмыстары жатады. Қ. к-ды пайдала-ну құрылыстың салыну мерзімін қысқартады, еңбек өнімділігін арттырадьқ құрылыстың өзіндік ңұнын кемітеді әрі жұмыс сапасын арттырады. Қ. к. жасауға темір-бетон, болат, ағаш т. б. материалдар пайдаланылады. Темір-бетон Қ. к-ды қүрылыста пайдалану құрылысты индустриялық әдіспен жүргізуге мүмкіндік жасады. Болат Қ. к. көпірлер, діңгектер, мұнаралар салуға, қара металлургия кәсіпорын-дарының негізгі конструкцияларын, эстакадалар, резервуарлар, газгольдер-лер, өндірістік және қоғамдық үйлер-дің ұзын өткіндерін жасауға т. б. қолданылады. Ағаш Қ. к-ынан тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік үйлер, уақыт-ша кұрылыстар салынады. Шаңа құ-рылыс материалдарынан (полимерлік, асбесті цемент, шыны т. б. материал-дардан) Ң. к. жасаудың маңызы үлкен. Пластмассадан жасалған Қ. к-дың өзіндік тиімділіктері бар. Олар жеңіл, берік әрі тот баспайды. Мүндай Қ. к-дан босаң топырақты және қатынас жолы қиын аудандарда құрылыс салу оңай, хим. жегі орталар цехтарын және ғимараттардың ішкі қабырғаларын жасау тиімді. Алюминий қорытпаларынан жасалған Қ. к-дың салмағы болат конструкциялар-дан жеңіл болатындықтан, олар ұзын өткінді қүрылыстарда жиірек пайда-ланылады. Соңғы кезде әйнек текті Қ. к. қолданылып келеді. Әйнек текті ма-териалдардан жасалған панельдер, блоктармен бірге шлак ситалдар, стемалиттер пайдаланылуда. Жеңіл конструкциялық материалдың жаңа түр-лерінің шығуына байланысты Қ. к-дың түрлері де көбейіп келеді.

Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер