Қаюпов Төленді (12. 03. 1929, Алматы облысы, Кеген ауданы, — 07. 04. 1962, сонда) — шопан. Қаюпов 1941 жылдан Қаз. КСР ғылым академиясының Күрметі эксперименталды базасында шопан. 1956 жылдан КОКП мүшесі. Бұл жылдары осы шаруашылықта қазақтың арқар–мериносын шығару жөнінде селекциялық жұмыстар жүргізілген. Осы жұмыстарға қатысып, ғалым мамандардың нұсқауын орындай отырып, қойды күтіп–бағуға, дұрыс азықтандыруға көп көңіл бөлген. Қазақтың арқар–мериносы тұқым ретінде қабылданғанда (1950) Қаюпов КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1950) болды.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Санат:1929 жылы туғандар Санат:1962 жылы қайтыс болғандар
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері