Сувойкалар Ағза жайлы ақпарат Сувойкалар ( Vorticella)- дөңгелек кірпікшелі инфузориялар отрядына жататын бір жасушалы организмдер. Сувойкалар жиырылғыш сабақшасымен бекініп тіршілік ететіндіктен, денесіндегі кірпікшелері жойылып, тек денесінің алдыңғы жағында қос спираль тәрізді кірпікшелері сақталған. Аузы үнемі ашық болады, бактериялармен қоректенеді. Жасуша ядросы ұзынша келген таға пішінді. Сувойкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз және вегетативті жолмен көбею аяқталмаған кезде, сабақтан бөлініп шыққан особьтар колония құрады. Сувойкалар тұщы суларда тіршілік етеді, әдетте су түбіндегі заттардың түбіндегі заттардың бетінде жұқа ақшылдау өңез түзеді. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 434-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сувойкалар · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.