Астрометрия( — «жұлдыз» жіне — «өлшеймін» сөздерінен шыққан) - басты мақсаты аспан денелерінің геометриялық, кинематикалық және динамикалық қасиеттерін зерттеу болып табылатын астрономия бөлімі.
Астрометрияның негізгі міндеті нақтырақ аспан денелерінің орындарының және қозғалыс жылдамдықтарының шамаларын үлкен дәлдікпен табу деп анықталады. Астрометрияның өзі үшке бөлінеді: 1. Алуан түрлі координат жүйелерін пайдаланып, аспан денелерінің көрінерлік орындары мен қозғалыстарын анықтаудың математикалық әдістерін қорытатын сфералық астрономия. 2. Бақылаулардан аспан шырақтарының координаттарын анықтап, жұлдыз орындарының каталогтарын құратын және астрономиялық тұрақтылардың сан мәндерін анықтайтын бөлімі: фундаменталдық астрометрия. 3. Бақылау орнының географиялық координаттарын, бағыттар азимуттарын, дәл уақытты анықтау әдістерін қорытатын және бұл мақсатта қолданылатын құрал-жабдықтар ұсынатын бөлімі: практикалық астрономия.
Әдебиет
Дереккөздер
Сілтемелер Годичный параллакс и расстояния до звезд
Санат:Астрометрия