нобай|оңға|Мүсірәлиев Молдақын Мүсірәлиев Молдақын (1906, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы — 1976) — ауылшаруашылық өндіріс үйымдастырушысы, Социалистік Еңбек Ері (1948).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1925-26 жылы ауылдық комсомол ұйымының хатшысы, үзақ жылдар Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық Кеңесінің төрағасы, аудандық мал өнімдерін дайындау мекемесінің директоры, “Социалистік Қазақстан” үжымшарының төрағасы (1940-42). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942-44), 1944-55 жылдары “Қызылту” ұжымшарының, Ленин ұжымшарының төрағасы, 1955-64 жылдары “Қызылту” ұжымшарында бөлімше меңгерушісі. Мүсірәлиевке қазақтың арқар-меринос қойын шығаруға қатысқаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді (1950). "Ленин" ордені және бірнеше медальмен марапатталған. Райымбек ауданының орталығы — Кеген ауылындағы бір көше Мүсірәлиев есімімен аталады.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1906 жылы туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері