Әзірбайжанның М. Ф. Ахундов атындағы мемлекеттік кітапханасы (). 1923 жылы 5 маусымда құрылған. 1939 жылдан республикалық кітапханасы болып саналды, 2,6 млн. дана кітап қоры бар (1970). Кітап қорының саны жыл сайын 200 мыңға дейін артып отырады. Азербайжан тіліндегі ұлттық кітаптар бөлмесінің қоры ерекше бағаланады. Онда М. Физулидің «Диуаны» (1849), М. Ахундовтың «Темсилаты» (1859), «Молла Насредин» журналының (1906-1930) комплектісі сақталған. Кітапхананың 11 арнаулы залында 23 мың оқушыға қызмет көрсетіледі. Баку кітапханасында «Бакудің 2 комиссары» (1968) деген библиографиялық көрсеткіш шығарылған.
Сыртқы сілтемелер Әзірбайжан ұлттық кітапханасы ресми сайты
Санат:Әзербайжан кітапханалары Санат:Бакудегі білім