Тиімділігі Қазіргі уақытта перспективалы деп саналатын тотықтырғыш технологиялар әзірленіп жатыр, олар судан өте төмен шоғырлануына дейін қоспаларды жоя алатын физикалық және химиялық әдістердің кең диапазонын қамтиды. Осыған мынадай әдістер жатады: УК+О3, УК+Н2О2, УК+О3+Н2О2, УКО+ультрадыбыс және басқа. Осы әдістердің көмегімен зарарсыздандырудың өте жоғары тиімділігіне қол жеткізу күтіліп отыр, ол синергетикалық әсерге, яғни жеке әсерлердің қолданылатын әр амал мен әдістен өзара күшейтуге негізделген. Тотықтырғыштарды (суға УК сәуле түсірмей) қолдана отырып, зарарсыздандырудың қазіргіу заманғы әдістері вирустар, спормды нысандар, қарапайым цисталарды жеткілікті түрде тиімді инактивтемейді. Судан микроорганизмдерді, атап айтқанда қатқыл дисперсті қоспаларға жататын гельминттер мен ірі бактериялар цистерін жоюға жиі тұндырумен және сүзгілеумен қол жеткізіледі. Барлық физика-химиялық және сорбцті әдістер өздігінен немесе қосылып суды микроорганизмдерден тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді. Олардың зарарсыздандырудың химиялық дезинфектанттар немесе физикалық әдістермен үйлесуі ғана қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Суды зарарсыздандырудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдау мынаны көрсетеді, қазіргі уақытта хлорлауға баламалы суды зарарсыздандырудың экологиялық жағынан неғұрлым таза және қауіпсіз әдістері қарқынды түрде әзірленіп жатыр. Белгілі әдістердің көбі өндірістік сынақтар сатысында шағын тазарту құрылыстарына енгізіліп жатыр және кеңінен қолдану үшін ұсынылатын әмбебаптар қатарына жатпайды. http://kk.convdocs.org/docs/index-12983.html?page=3 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Суды зарарсыздандырудың физика-химиялық әдістері · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.