Нәбиев Марат Әскенұлы (1956 ж. дүн. келген) — кәсіпкер, «Он олжа» ЖШС-нің директоры. Астана (бұрынғы Ақмола) қаласында туған.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1978).

1978 жылы Макин ауданындағы «Колоколовский» кеңшары бөлімшесінің бас агрономы,

1980-84 ж. «Заветы Ильича» кеңшарының бас агрономы,

1984-91 жылдары Қазақстан КП Целиноград обкомында ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы,

1991 ж. мемлектеттік мүлік жөніндегі аумақтық коммитеттің аралас меншік бөлімінің бастығы,

1991 жылдан «Есіл акционерлік қоғамының президенті, «Есіл» банкі кеңесі мен «Проминвест» инвестициялық қоры құрылтайшылар кеңесінің төрағасы,

1996 ж. «Лисаков ТБК» президенті, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ бас директоры,

2002 жылдан директоры. ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті.

Бірқатар ғылыми-көпшілік және публицистикалық кітаптардың авторы. «Шапағат»медалімен марапатталған.

Дереккөздер

А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері