Ырсай — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Ырсай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жітіқара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Тобыл өзенің сол жағалаулық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 962 адам (485 ер адам және 477 әйел адам) болса, 2009 жылы 706 адамды (345 ер адам және 361 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1943 жылы астық өсірумен айналысатын кеңшар құруға байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде “Ырсай” ЖШС құрылды.

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы елді мекендері