Педру Алвариш Кабрал ( 1467 немесе 1468 — 1520 ж. ш. ө.) — португал теңіз саяхатшысы. 1500 жылы Үндістанда Васко да Гама маршруты бойынша сапар шегетiн үлкен флотилияның командирі болып тағайындалды. 1500 жылы 9 наурызда Кабрал Тежудың сағасынан шықты. Жасыл мүйіс аралдарынан оңтүстікке қарай бағыт ұстаған Кабрал батысқа қарай ойысып кетті де, 22 сәуірде оңтүстiк ендiктiң 17°-да жаңа жерге тап болды. Оған Вера-Круш Жерi деген ат қойды (бiрнеше жылдан кейiн ресми түрде Бразилия — Brasil деп аталды). Содан соң Кабрал Қайырлы үміт мүйісіне қарай бет алып, Үндiстанға дейiн жеттi. 1501 жылы қаңтарда Үндiстаннан шығып, шілде айында Португалияға оралды. Бұдан соң теңiз экспедициясына қатыспады. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5

Дереккөздер

Санат:1467 жылы туғандар Санат:1520 жылы қайтыс болғандар Санат:Португалия теңіз саяхатшылары