Банда теңізі — Тынық мұхиттағы Серам, Оңтүстік-Шығыс, Ветар т.б. аралдарды қоршап жатқан теңіз.
Аумағы - 714 мың км², Солтүстіктен оңтүстікке 500 км-ға, ал шығыстан батысқа қарай 1000 км-ге созылған. Тереңідігі 7440 м (Вебер шұқыры). Судың жылдық орташа температурасы 27 °С, тұздылығы 33,0-34,5. Маржан рифтар бар. Маңызды порты Амбон қаласы. Солтүстікте Бірі мен Серам аралдарымен шектеледі, оңтүстік-батыста - Тимор аралымен, ал шығысында - Танимар мен Ару аралдарымен. Құрамына Банда архипелагы кіреді.
Банда теңізінде ұшқыш балықтар, акула, тунец т.б. балықтар барҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Индонезия географиясы Санат:Тынық мұхит теңіздері