Төреғожин Зейнолла Сейітжанұлы (1899 жылы, Атбасар уезі, Қызылкөк болысы – 1938 жылы Ақмола облысы) — қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны, партия қызметкері. Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы. Облыс және республика аумағында партия, шаруашылық, кеңес жұмыстарында болған. Атбасар 2-жылдық педагогика курсын, 4 айлық қызыл мұғалімдер курсын (1920), Мәскеу қаласындағы сауда академиясын (1929) бітірген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

Өмірбаяны Атбасардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін (1919), мұғалімдер курсын (1920), Мәскеудегі сауда академиясын (1929) бітірген. 1921 ж. Ақмола мен Көкшетау өңіріндегі кулактар көтерілісін басуға Атбасар коммунистік отряды құрамында қатысқан. 1921 – 1922 жылы Атбасар уездік партия комитетінің хатшысы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азық-түлік жөніндегі комиссардың орынбасары болды. Уездік азық-түлік комиссарының орынбасары (1922) 1922 – 1924 (1923?) жылы Ақмола губерниясы жер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы болды. 1924 – 1927 жылы Ақмола губерниясы кәсіподақ кеңесі төрағасының орынбасары, губерниясы сыртқы сауда бөлімінің меңгерушісі, өлкелік мемлекеттік банк кеңсесі басқарушысының орынбасары (Қызылжарда, Қызылорда қаласында) болды. 1927 – 1928 жылы Мәскеуде БОАК (ҚАКСР?) төралқасындағы Қазақстанның өкілетті өкілі болды. 1930 жылдан Қазақ жабдықтау халық комиссариаты бөлімінде бастық, алқа мүшесі, Қазақ мемлекеттік сауда басқармасының төрағасы қызметін атқарған. 1931 ж. осы комиссариатта ауыл шаруашылық секторының меңгерушісі. 1931 – 1935 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы қой кеңшарының директоры, босқындарды орналастыру жөніндегі Қазақ АКСР-і ХКК комиссиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Павлодар ауданының қой кеңшарының директоры, Ақтөбе қой өсіру тресінің директоры болды. 1936 – 1937 жылы Қазақ КСР-інің кеңшарлар халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырады. 1957 жылы мамырда ақталды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,, 8 том

Сілтеме

Санат:1899 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері