«Ойыншықтар хикаясы» () — Pixar мен Walt Disney бірігіп жасаған америкалық мультфильм. Бұл алғашқы рет компьютерде толығымен үшөлшемде жасалған толықметражды мультфильм және "Оскардың" "Ең төлтума сценарий" номинациясын алған ең алғашқы мультипликациялық фильм. Мультфильм америкалық прокатқа 22 қараша 1995 жылы шығып, көрсетілім уақытында 191 млн көп жинап, жылдың ең кассалы фильмі атанған. Әлем бойынша барлығы 362 млн $ жинаған.
Кейінірек осы мульфильмнің желісі бойынша Sega Mega Drive, Super Nintendo және Nintendo Game Boy картридждеріне арналған ойындар шығарылған.
Сюжеті Мультфильмнің негізгі кейіпкерлері — Энди Дэвис атты баланың бөлмесінде тұратын тірі ойыншықтар. Жыл сайын Эндидің туған күніне жаңа ойыншықтар сыйлайды, сондықтан да дәл осы күн ескі ойыншықтар үшін — үлкен күйзеліс күні. Балабақшадан бері баланың сүйікті ойыншығы Вуди атты шүберек коубой болатын. Вуди — өзінің құпия өмірінде барлық ойыншықтар "қоғамының" көшбасшысы. Эндидің ойыншықтары үшін тағы бір қауіп — ойыншық сындырғыш көрші — Сид Филлипс еді.
Жанұя жаңа үйге көшейін деп жатқан соң, Эндидің туған күнін бір апта ерте тойлайды. Ол Вудидің өміріндегі ең жаман күн болды: балаға сыйлаған жаңа ойыншық оның орнын алып қойды!
Қазақша дыбыстаған Рөл Актер Вуди Нартай Сауданбекұлы Базз Лайтер Жанқалдыбек Төленбаев Картопбас Мырза Сағаділдә Үсіпбалиев Созалақ Әбілмансұр Серіков Рекс Шах-Мұрат Ордабаев Хэм Олжас Жақыпбек Бо Пип Айман Есенқызы Энди Бекнұр Ыбырай Эндидің анасы Ақмарал Абдрахманова Сид Филлипс Меруерт Ермекбаева Ханна Филлипс Амира Бурумбаева
Дубляж режиссері — Шах-Мұрат Ордабаев
Музыка «Досыңмын мен сенің» — орындаушы: Шах-Мұрат Ордабаев Дыбыс режиссерлері — Абылай Энгельс Дубляж студиясы — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басқа рөлдерде Шах-Мұрат Ордабаев — Сержант, Ленни, Спелл Мырза, Келімсектер, Робот, Акула Мырза
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Pixar мультфильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:Джон Лассетер мультфильмдері Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер Санат:Walt Disney Pictures фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер