Сабина Абайқызы Алтынбекова (1996 жылы 5 қарашада туған, Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақстан) — қазақстандық волейболшы, Қазақстан Республикасы волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі.

Өмірбаяны Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жетіру тайпасының Табын руынан Бес жастан бастап бимен айналысқан, ал 14 жастан бастап волейболмен айналысады. "Казхром" клубының атынан капитан ретінде өнер көрсеткен. 16 жастан бастап, "Алматиночка" (Алматы қаласы) клубында ойнайды. 2014 жылы университетке түсті. Отбасында екі бауыры бар, олар: сіңлілері Гүлдана (2001 ж.т.) мен Карина (2010 ж.т.)https://ratings.fide.com/card.phtml?event=13702971.

Кәсіби мансабы Сабина 17 жасында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі атанды.

Танымалдылық Тайбэйде өткен қыздар арасында волейболдан 17-ші Азия чемпионатында ең сұлу волейболшы атанды. Бойы - 182 см, салмағы 59 кг, аяқтарының ұзындығы 124 см. Тайван, Жапония және басқа да көптеген азиялық телеарналар Сабина туралы репортаждар түсірді, ал интернетте көптеген роликтер пайда болды. Азиялық жанкүйерлер Сабинаның келбеті жапондық аниме кейіпкерлеріне ұқсайды деп тапты. Интернетте Сабина Алтынбекованың көптеген әуесқой, оның ішінде «моэ» стилінде суреттері пайда болды.

2014 жылы Қазақстан Респуликасындағы Қызыл ай қайырымдылық қорының ресми волонтеры болады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Сабина Абайқызы Алтынбекова Instagram Сабина Абайқызы Алтынбекова VK Сабина Абайқызы Алтынбекова Bio Сабина Абайқызы Алтынбекова at Short Bio

Санат:Алфавит бойынша волейболшылар Санат:Қазақстан волейболшылары