thumb|right|200px|Қол инесі Қол инесіМұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. Танымдық-көпшілік басылым. "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2008 - 144 бет, суретті.ISBN 978-601-01-0297-2 - иненің қолмен тігу, кестелеу барысында қолданылатын түрі.
Құрылысы thumb|left|200px|Жіп өткізілген иненің көзі. Иненің құрылысы бойынша атауы: үшкір жағы - ұшы; ұшына қарсы жуан жағы - дүмі; осы дүмінің доғал басы - шүйде: шүйде мен ұштың ортасы, яғни ұзына бойы - тұрқы; дүміндегі жіп өткізетін тесігі - көзі немесе жасуы.
Бітім-тұлғасына қарай түрлері мен атауы Көзі сынық (жіңішке) ине - бітік немесе көр. Көзі кең ине - көземелі. Тұрқы имек ине - созаң. Көзі кең, жуандау, ұзын ине - жөндем. Әдеттегі инеден әлдеқайда үлкендеу ине - тебен.
Бұйым түрлеріне қарай қолданылатын түрлері Маталарға арналған инелер(ұзындығы 3-8 см). Қайыс бұйымдарға арналған инелер (ұзындығы 5,5-7 см). Қатты бұйымдарға (кенеп т.б.) арналған дүмі үш қырлы инелер (ұзындығы 6-7 см). Қанарларға арналған дүмі төрт қырлы, ұшы 30°-қа иілген инелер (ұзындығы 12,16 см). Теріден жасалған тондарға арналған дүм жағы үш қырлы қырлы ине (ұзындығы 4-5 см). Матаны торлауға арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-5,8 см). Көркем кестелеуге арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-4 см). Көзі кең ине (ұзындығы 3-5 см.)ГОСТ 8030-80 — Иглы для шитья вручную. Технические условия.
Тағы қараңыз Ине
Дереккөздер
Санат:Үй тұрмысыСанат:ҚолөнерСанат:Құралдар