Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиғи ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.
Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидратациялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйелі түрде құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады. Эбола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.
Сипаттамасы Эбола вирусы ауру немесе өлген адамның немесе жануардың қаны немесе дене сұйықтықтары арқылы таралады. Сіз ауру адаммен тікелей байланыста ғана емес, сонымен қатар жақында биологиялық сұйықтықтармен ластанған заттар арқылы да жұғуы мүмкін. Приматтар, соның ішінде адамдар арасында аурудың ауа-тамшылары арқылы таралуы зертханалық немесе табиғи жағдайларда құжатталмаған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Вирус: Эбола секілді вирус – Швейцария Биоинформатика институтының ұсынуы бойынша CDC: Эбола геморрагикалық лихорадкасы ДСҰ: Эбола геморрадикалық лихорадкасы – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Вирустық патогендер базасы мен сараптамалық қоры Эболаның 3D макромолекуларлық құрылымы Google Map Эболаның таралу аймағы ДСҰ-ы ұсынған инфекциялық бақылау деңгейі
Санат:Вирустық аурулар Санат:Эбола Санат:Тайм журналы нұсқасы бойынша Жыл адамдары Санат:Тропиктік аурулар Санат:Қызба