Қызылтілді зиягүл () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық декоративті өсімдік.
Таралуы Қазақстанда Жетісу Алатауында Лепсі және Срқан өзендерінің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Орман алқаптарында, түрлі шөп өскен субальпілік шалғында өседі. Мал жайылымы салдарынан саны азаюда. Өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 20 – 30 см, тігінен өскен тамырлары бар. Сабағы қарапайым. Төменгі жағындағы сағақты жапырақтары жіңішке жұмыртқа тәрізді , жиегі тегіс емес. Орта және жоғары жағындағы жапырақтары сағақсыз, 2 – 5 себепті сабақтың жоғарғы жағында топтасқан. Орама жапырақтарының ұзындығы 10 мм-дей, ені 10 – 15 мм. Гүлі қызыл түсті, ұзындығы 20 – 25 мм, ені 2 – 3 мм болатын тілшесі орамасының ұзындығынан шамамен 2 мм ұзындау. Тұқымы цилиндр тәрізді, қырлы, шамамен ұзындығы 3,5 мм. Тұқымынан көбейеді.
Шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс бередіБ.Ө. Жақып "Қазақстан табиғаты".
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер