Үнділік бозторғай () - шалғындық бозторғайдың көшірмесі десе де болады.

Сипаттамасы Мамандар ұзақ уақыт оны бір түрдің әралуан түршесі деп санады. Әдеттегі шабындық бозторғайынан оның айырмашылығы-- қанаттың артқы жиегін бойлай созылатын ақ жолақтың болмауы. Шалғындық бозторғай да екінші дәрежелі желпуіш қауырсынның әрқайсысының ұшында ақ жолақ түзіледі.Бұдан басқа үнділік бозторғай аздап кішілеу, сымбатты және оның құйрығы келтелеу. Әуезінде де айырмашылық бар, бірақ оны қағазда сипаттап жазу мүмкін емес. Тұтасымен алғанда, жақсы дағдыланған кезде әуездің біркелкілігі, тұрақтылығы назар аудартады. Тіпті ұзақ сайрағанның өзінде бірінен соң бірі жүйелі түрде қайталап, бар болғаны 2—3 шумақты пайдаланады.

Мекені Қазақстанда тек қана оңтүстік — Сырдария аңғарынан Зайсан қазаншұңқырына дейін өмір сүреді. Көбіне-көп - дәл сол орыда, шалғындағыдай шөптері аласа өскен, тау - етегінің далалық үлескілерін ұнатады, сөйтіп тауға да (теңіз деңгейінен 2500 метрге дейін жоғары шабындық кездесетін жерге), нағыз шөлге де өтіп кетпейді. Қалған қылықтарының барлығы шалғындық бозторғайға ұқсас, тіпті олардың ұшып келу және ұшып кету мерзімі де бірдейге жуық.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Жануарлар Санат:Бозторғайлар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары