Үлкен қырқылдақ () - Sternidae тұқымдасының құсы, Қазақстандағы қырқылдақтардың ең үлкені.

Үлкен қырқылдақтар туысы- жалғыз түрі бар қырқылақ тұқымдастарға жататын құстар туысы.мектеп энциклопедиясы "Құстар",Ковшарь

Биологиялық сипаттамасы Өзен қырқылдағынан 6-7 есе ауыр, салмағы 70 г шамасында, қанатының алымы -135 см шамасында. Сырттай қарағанда өзен қырқылдағына өте ұқсас, алайда ашық қызыл тұмсығы едәуір үлкен және аяғы қызыл. Жазықтық көлдерінің жайпақ аралдарында - жиірек, тұзды көлдерде көбірек ұялайды. Өте қауымшыл құс, үлкен шоғыр түзеді. Қиқушыл, содырлау, кез келген қасына шабуыл жасайды. Үлкен қырқылдақтың ұялары - үлкен шұңқыр, онда 1-3, көбінесе 2 шұбар жүмыртқа болады, жұмыртқаларды ата-енелері 3 аптаға жуық босады. Көбінесе жұмыртқадан жарып шыққан балапандар екі күннен соң суға барып, бір айдан кейін қанатына көтеріледі.

Таралуы Негізінде Азия қуаңшылық аудандарының ішкі тұзды суды суқоймаларында мекендейді. Бұдан басқа Солтүстік Америка, Еуропа, Африка, Австралия және Жаңа Зеландияның жағалауларын бойлай шоғырлары кездеседі. Қазақстанда негізінде оңтүстік өңірлерде өмір сүреді, бәлкім барлық жерлерінде кездесуі мүмкін. Мұрда сәуірдің аяғынан қыркүйекке дейін кездеседі. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Жануарлар Санат:Еуразия құстары Санат:Аустралия құстары Санат:Африка құстары Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:Жаңа Зеландия құстары