Қарабас сандуғаш () - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының арасындағы ең әйгілі сайрағыш құс. Құс әуенін бағалайтындардың көпшілігі оның әуенін бұлбұлдың әуенінен де әдемі деп санайды.

Биологиялық сипаттама Бұл орташа денелі сандуғашты басындағы ашық қызғылтсары «телпегі» бойынша аналығына қарап оңай тануға болады. Қара «телпекті» аталық сайрағыш сандуғашты еске түсіреді, алайда, біріншіден, қарабас сандуғаштың жоны сұр реңді емес, зәйтүн түстес қоңыр; екіншіден, бұл екі сандуғаштар бізде ешқашан бірге кездеспейді. Бұл - барлық сандуғаштардың ішіндегі орманда ең көбірек мекендейтін құс. Ол бұталар өскен әр алуан ормандарда орын тебеді, алайда бұталары өте көп орман алаңшасын көбірек ұнатады. Тұқымтоптың өмір сүруі басқа сандуғаштардікіне ұқсас.

Таралуы Еуропалық түр ретіндегі қарабас сандуғаш негізінде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінен ұшып өткенде байқалады. Анда-санда Жайық өзенінің аңғарын бойлай ұялайды. Қазақстанның батысында қарабас сандуғаштар көктемде - сәуір-мамырда, күзде - қыркүйек және қазанның алғашқы күндерінде ұшып өтеді.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Сандуғаштар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары