M16 (Rifle, Caliber 5.56 mm, M16) - AR-15 винтовкасының базасында жасалып шығарылған америкалық винтовка. 1960 жылдары АҚШ әскери қаруы қатарына енді. М16 мен оның нұсқалары осы кезге дейін америкалық жаяу әскердің негізгі қаруы болып қалып отыр. Бұл - әлемдегі атқыш қарудың барынша кең тараған түрі. Сегіз милионнан астам данасы шығарылған.

Шығу тарихы Шағын калибрлі винтовка шығару идеясы АЛКЛАД жобасы нәтижесінде туындады. Қаруды шығару үшін бірінші дүниежүзілік соғыстан Корея соғысына дейінгі аралықта опат болған үш милионнан астам солдаттар туралы құжат деректері есепке алынды.Жаралылар саны мен сипаты, дененің зақымдалған бөліктері, жарақат түрі мен олардың қандай қарудан алынғаны анықталды. Аталған зерттеудің нәтижесінде АҚШ армиясы үшін тебу күші төмен, салмағы жеңіл, шағын калибрлі жеңілдетілген арнайы оқ-дәрі салынатын, 400-500 метр қашықтықты қамтитын, ату жылдамдығы жоғары қару жасау керек деген тұжырым жасалды. осылайша Армалит компаниясы ұсынған АR-15 винтовкасы аталған талаптарға лайық деп танылды. Оны құрастырушылар Юджин Стоунер мен Джеймс Салливан болды.1100 қызықты деректер

Қаруды пайдаланушы елдер

Нұсқалары M16 M16A1 M16A2 M16A3 M16A4 M4 M4A1 CAR15 М655 «Colt Commando» М609 CAR15M2 «Colt Kommando» М733 M231 SR-47 Barrett REC7 Cobb MCR LR-300 SIG 516 SIG 716 Басқа елдердегі нұсқалары Diemaco C7 / C8 (Канада) Daewoo K1 / Daewoo K2 (Оңтүстік Корея) CQ 5,56 и DIO S-5,56 (Қытай және Иран) CQ 5,56 Type A HK 416 (Германия) Khaybar KH 2002 (Иран) Type 65 және Type 86/91 (Тайвань)M27 Infantry Automatic Rifle .

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер guns.ru eizvestia.com

Санат:Қарулар