Жером Боатенг (; 1988 жылы 3 қыркүйекте Батыс Берлинде туған) — неміс футболшысы, қорғаушы.
Мансабы Боатенг орталық қорғаушыс болып саналады, мықты денесі мен ұзын бойының арқасында баспен жақсы шабуылдайды. Ол мансабын жастар құрамасы «Теннис Боруссия Берлинде» бастады, ал қазір мюнхендік «Баварияда» ойнайды.
Боатенг 13 жасынан «Герт» клубында ойнап, 2002 жылдан 2007 жылдың 22 тамызына дейін сонда болды. Бундеслигада алғаш 2006/07 маусымында ойнай бастады. 2007 жылы 10 наурызда «Герту» үшін алғаш матчын «Боруссия Дортмундқа» қарсы өткізді.
2007/08 маусымда Боатенг «Гамбург» клубында бастап, осы клубпен 2007 жылы 22 тамызда 5 жылдық контракка қол қойды. «Гамбургке» 5,5 млн.еуроға сатылды. Алғаш маусымында 27 матч өткізіп, оның 26-мен негізгі құраммен шықты. Голдар болмаса да, екі голдық доп шығарып, 5 рет сары қағаз алды, жалпы алаңда 2156 минут болды.
Екінші маусымда Жером 21 матч өткізіп, оның тек 14-інде негізгі құраммен шықты. нобай|солға|Әлем чемпионатының финалында
2010 жылы 5 мамырда «Манчестер Ситиге» 10,4 млн.еуроға көшіп, 5 жылдық контракка отырды.
2011 жылы 14 шілдеде «Бавария» «Манчестер Ситимен» футболшының көшуі туралы келісімге келіп, трансфер құны 14 милл. еуро болды.
Ұлттық құрамада Германия құрамасы үшін алғаш матчын 2009 жылы 10 қазанда Ресейге қарсы Мәскеуде өткізді. Алайда осы матч ол үшін сәтсіз өтіп, қызыл қағазға ие болды.
2010 жылы өткен әлем чемпионатқа қатысып, Ганаға қарсы ойында ағасына, Кевин Принсқа қарсы ойнады.
Жетістіктері Клубтық Манчестер Сити
Англия Кубогінің иегері : 2011
Бавария Германия Чемпионы: 2012/13, 2013/214, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Германия Кубогінің иегері: 2012/13, 2013/14, 2015/16 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: : 2012/2013 УЕФА Суперкубогінің иегері : 2013 Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы: 2013 Telekom-cup жеңімпазы:2013
Ұлттық құрамада Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009 Әлем чемпионатының қола медаль иегері 2012 Әлем чемпионы:2014
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер mcfc.co.uk bundesliga.de
Санат:Германия футболшылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:ЛАСК ФК ойыншылары