Ашиль Эмана Эдзимби (фр. Achille Emana Edzimbi; 5 маусым 1982жыл, Яунде, Камерун), Эмана атымен де әйгілі (фр. Emana) — Камерун елінің футболшысы, «Крус Асуль» клубы мен Камерунның ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. Шабуыл жасайтын жартылай қорғаушы ретінде ойнайды.
Өмірбаяны Клубтардағы мансабы «Бабимби Дуала» клубында ойнауды бастаған. 1999 жылы «Валенсияның» екінші командасына шақырылды. 2000 жылғы 1 қаңтарында «Тулуза» клубының ойыншысы болды. 2000/2001 жылдарындағы маусымның аяғында каржылық мәселелері үшін клуб ең үздік лигадан 3-ші лигаға кірді. 2001/2002 жылдарындағы маусым Эмана әрдайым клубтың басты құрамында болды. Маусым аяқталғаннан кейін клуб 3-ші лигадан 2-ші лигаға кірді. 2003 жылы Эмана 2-ші лиганың жеңімпазы болып атанды. 2003 жылдан бастап «Тулуза» әрдайым Францияның үздік лиганың ішінде ойнайды. Эмананың ең жоғары жетістігі 2006/2007 жылдарында өткен маусымда болды. Ол 36 ойын ойнап, 8 гол тықты. Ол осы голдарымен клубына қола кубок алуға көмектесті. Реал Бетис 2008 жылы маусымда «Реал Бетис» Эмананы 7,5 миллион евроға сатып алды. Ол «Реал Бетис» командасындағы бірінші матчты 31 тамызда «Рекреативо» қарсы өткізді. Бірінші голын 19 қазанда «Мальорка» командасына қарсы тықты. Сол сезонда Эмана 2 дубль жасады. Осы дубльдер «Расинг» пен «Спортинг» командаларына қарсы болды. Дереккөздер
http://www.national-football-teams.com/player/1225/Achille_Emana.html http://www.transfermarkt.com/achille-emana/profil/spieler/7020 http://www.fifa.com/worldfootball/statisticsandrecords/players/player=198293/
Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
Санат:Тулуза ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК ойыншылары Санат:Шабаб Әл-Ахли ФК ойыншылары Санат:Әл-Васл ФК ойыншылары Санат:Крус Асуль ФК ойыншылары Санат:Мумбаи Сити ФК ойыншылары Санат:Әл-Ахли Дубай ФК ойыншылары