Қасқа ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe pleschanka) - кәдімгі тасшыбжықтан аздап кішірек (17-22 г) және өте қарама-қарсы реңді құс. Биологиялық сипаттама Аталығының реңі: бүкіл жоны, қанаты, тамағы және басының екі жағы - қара, тек қана төсі, бауыры мен басының үсті - ақ. Құйрығы негізінде ақ түсті, тек қана бұлқын қауырсындарының ұшы - қара. Ақ алқымды аталықтар кездеседі, олардың бүкіл бауыры ақ болып келеді. Аналығының ақ түсі мардымсыз, реңі қош- қыл қоңыр реңді болады (ол басқа тасшыбжық түрлері, аналықтарының ішіндегі ең қошқыл реңдісі). Ұялары қалтарыс жерде, көбінесе тастардың астында немесе солар- дың аралығындағы жарықтарға, кейде кәдімгі немесе шыбжың тасшыбжықтардікі сияқты онша терең емес, кемірушілердің індеріне орналастырылады. Ұяны аналығы жасап, салындыдағы 4-6 көгілдір жұмыртқаларды аналығы 13 күндей басады. Балапандарды ата-енелері бірлесіп, екі аптаға жуық ұяда және олар ұядан ұшқан соң( аптаға жуық қоректендіреді. Көбею кезеңі тамызға дейін созылады, алайда қасқа тасшыбжықтың екінші ұялап, балапан өргізетін-өргізбейтіні әлі айқындалған жоқ. Таралуы Еуразияның үлкен бөлігін, соның ішінде Қазақстанның сусыз құмдауыт құмы мен қиыр биік таулы жерлерінен басқа, бүкіл ашық кеңістігін мекен етеді. Қасқа тасшыбжық әсіресе құрғақ жартасқа аласа тауларда, мысалы, Қазақ ұсақшоқыларында өте көп. Наурыздың екінші жартысында ұшып келеді. Қазақстаннан қазанның соңына дейін ұшып кетеді. Дереккөздер
Санат:Тасшымшықтар Санат:Еуразия құстары