Қарабас СҰЛЫКЕШ (Emberiza melanocephala) - сарғалдақ сұлыкештің толық көшірмесі. Қарабас сұлыкештің аталығы одан тек қана басының қара болуымен ерекшеленеді, ал аналығын ажыратып, тану қиын. Оларды кепке дейін бір түрдің екі түршесіне жатқызуы тегін болмаса керек. Таралуы Олардың жақындығы туралы осы екі түр бізге кездесетін біраз жерлерді, мысалы, Түрікмен елінің оңтүстігінде будандастыру жағдайлары дәлел бола алады. Қарабас сұлыкештің Қазақстанда кездесетін жалғыз орны - батыс шекара жанындағы Жәнібек стансасының өңірі, 1949 жылы маусымның 20- сында жас үйеңкі ағашынан оның балапаны бар ұясы табылды. 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары