Таңдау арқылы сұрыптау — бұл сұрыптаудың ең қолайлы түрі. Әдетте бұл әдіс кестені реттеуді қажет еткен адам ойына ең бірінші келеді. Бұның мәні мынада, мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны таңдау әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптау қажет. Алгоритм Өлшемі n болатын А массивін толтыру және экранға шығару; i:=1; Индекс i-ден басталатын массив элементтерінің ішінен ең кішісін (индексі j) таңдап алу; A[i] және A[j] элементтерінің орындарын ауыстыру; i:=i+1 мәні үшін i:=n болғанға дейін 3 және 4 қадамдарды қайталау; Сұрыпталған А массивін экранға шығару.

Программалау Program Aikesha_lay; Const n=8; type MasType=array [1..n] of integer; var i, idx, k: integer; A:MasType; Function MinMas (j:integer):integer; Var p, min:integer; Begin For p:=j to n do If (p=j) or (A[p]<A[min]) then min:=p; M3nMas:=min; End; Begin Randomize; Writeln('Берілген сандар массиві:'); For i:=1 to n do Begin A[i]:=Random(30); Write(A[i]:4); end; For i:=1 to n-1 do Begin idx:=MinMas(i); k:=A[i]; A[i]:=A[idx]; A[idx]:=k; end; writeln; writeln('Өсуіне қарай сұрыптау нәтижесі:'); For i:=1 to n do Write(A[i]:4); readln; end. Бұл программада берілген массив бөлігінің ең кіші элементінің индексін(рет нөмірін) табатын MinMas(j) функциясы пайдаланылған. Функцияның j параметрінің мәні массив бөлігінің бірінші элементтерінің рет нөмірін (соңғысы n) көрсетеді.

Әдебиет «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000. Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных. Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А.,1996. Кнут Теория алгоритмов. Матросов В. Л. Теория Алгоритмов. Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М.,1988.

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ақпараттану Санат:Ғылым Санат:Паскаль