Қурайлы, Құрала — Қорғалжын алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Үшсарт ауылынан солтүстік-шығыста 15 км жерде, теңіз деңгейінен 337 м биіктікте жатыр.
Сипаты Аумағы 4 км², су жиналатын алабы 65 км². Күрделі пішінді көлдің ұзындығы 7 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 18,5 км. Батыс жағалауы жарқабақты, қамыс басқан басқа жағалаулары жазық келген.
Өсімдігі Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында қайың, терек шоқ ормандары кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы көлдері