Қатынадыр – Ор алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданы жерінде. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 904 км².

Бастауы Бастауын Хромтау қаласының оңтүстігінен алып, Бөгетсай ауылынан солтүстікке қарай 13 км-дей жерде Ор өзеніне құяды. Белесті жазықтан өтетін жоғарғы аңғары кең (0,5-3 км).

Гидрологиясы Арнасы кей жерінде 15-20 м, сағасында 40 м-ге дейін жетеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жайылымы - шабындық. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы өзендері