Самюэль Юмтити (фр. Samuel Umtiti; 14 қараша 1993 жыл, Яунде) — Камерун елінде туған, Франция футболшысы, «Барсеона» командасының және Франция Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. Самюэль центрбек болып немесе сол қорғаушы ретінде ойнай алады.

Мансабы 2012 жылдың 8 қаңтарда «Дюшер» командасына қарсы "Лион" сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Матч 3-1 шотпен аяқталды.

2016 жылы "Барселонаға" ауысты.

Францияның 17-21 жас аралығындағы құрамаларының бәрінде ойнады. Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2016 жылы өткізіп, сол жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

2018 жылы әлем чемпионы атанды. Жартылай финалда Бельгия қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты. 2018 кейін сүренсіз ойын көрсетіп, жарақат алып мансабын құртып алды және Барселона фк сапындағы негізгі құрам ойынышысынан да айырлып қалды. Соған қарамастан келісім шартын 2026 жылға дейін ұзартты.

Жетістіктер Франция кубогы Жастар арасында 2012-2013 жылдардың чемпионы Испания чемпионы: 2017/18,2018/19 Әлем чемпионы: 2018 Испания кубогі: 2017/18, 2018/19, 2020/21

Дереккөздер

Сілтемелер Лига 1 сайтында статистикасы

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары