thumb|right|200px| Айтбек Жақсылықұлы Нығызбаев — , Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. Әнші.
Өмірбаяны 1985 жылы Алматы қаласындағы эстрада және цирк өнері студиясына оқуға түседі. 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Байбосыновтың сыныбын аяқтап шығады. 1989 жылы жолдамамен Қазақконцерт бірлестігіне келіп, Қазақстан халық әртісі Р.Бағланованың ансамблінде жұмыс істеген. 1995 жылдан Қарағанды қаласы Қ.Байжанұлы атындағы облыстық филармонияда әнші болып жұмыс істеген. 1999 жылдан Қазақ Ұлттық Еуразия университетінде ән бөлімінде сабақ берді, әрі "Шалқыма" фольклорлық ансамблінде жұмыс істеген. 2002 жылдан бастап Қазақ Ұлттық музыка академиясында халық әні бөлімінде жұмыс істеді. Онымен қоса Астана қалалық филармониясында қосымша әнші болып жұмыс істейді.
Жетістіктері 1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық байқауда жүлдегер болды. 1998 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық байқауда жүлдегер атанды. 1998 жылы "Шабыт" халықаралық байқауында лауреат атанды. Жаңаарқа әншілері. Астана, 2009 ж.
Дереккөздер
Санат:8 наурызда туғандар Санат:1968 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Қазақстан әншілері