Қараоба – Шыңғырлау алабындағы өзен.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөрлі, Теректі аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 1000 км2-ге жуық.
Бастауы Бастауын жонды қыраттардағы бұлақтардан алып, Масайтөбе ауылының тұсында Шыңғырлау өзеніне құяды.
Гидрологиясы Төменгі және жоғарғы арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50 м-ге дейін жетеді, суы тұщы. Орта ағысындағы жарқабақты жағалауының биіктігі 6-8 м. Өзен бойында бірнеше көлшіктер бар. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағалауы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Бөрлі ауданы өзендері Санат:Теректі ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері