Қарасай – Шарын алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 24 км, су жиналатын алабы 81 км2.
Бастауы Бастауын Темірлік тауынан алып, Шарын өзенінің оң саласы - Темірлік өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағысында жағалауы тік жартасты. Көктемде суы тасиды. Арнасында суы жыл бойы болады. Орта және төменгі ағысының алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Шарын алабы