Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева (1949 жылы Алматы қаласында туған) - музыкатанушы ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты. АҚШ-тың атақты Стэнфорд университетінің профессоры.Союз компизиторов Санкт-Питербурга

Өмірбаяны Алма Құнанбаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, Санкт-Питербург мемлекеттік театр өнері академиясының түлегі. 1984 жылы Изалий Земцовскийдің ғылыми жетекшілігімен "Қазақ эпикалық дәстүрінің проблемалары" тақырыбында өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс оқыған. 1993 жылдан бастап АҚШ-та тұрады және Висконсин–Мадисон, Вашингтон Сиэтл, Айова, Калифорния Беркли университеттерінде сабақ берген. Қазіргі таңда Калифорния штатының Пало Альто қаласында орналасқан атақты Стэнфорд университетінің профессоры. Сонымен бірге, Беркли қаласындағы Орта Азия елдерінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған "Silk Road House" атты орталықтың президенті.Silk Road House

Алма Құнанбаева 2014 жылы АҚШ эммигранттарына арналған "Ellis Island Medal of Honor" медальымен марапатталған. Медаль жеке және кәсіби өмірдегі жетістіктері үшін және өз мәдениетін сақтауға қосқан үлесі үшін беріледі.CONGRATULATING THE 2014 RECIPIENTS OF THE COVETED ELLIS ISLAND MEDAL OF HONOR

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер Silk Road House