Құсбек — Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Құсбек ауылының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 354 м биіктікте орналасқан.

Сипаты Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Көл шұңқыры дөңгелек пішінді, түбі сазды, жағалауы жайпақ. Су жиналатын алабы аумағының 15%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, боз, т.б. табиғи шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы