Қызылтүлкілі – Түлкілі тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Емелтау ауылының оңтүстігінде 39 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 740 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 2,5 км.
Сипаты Беткейі көлбеу, ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Қотанемел, Жаңғызтау, батысында Қалмақемел, шығысында Қаражал, оңтүстік-шығысында Ақшоқы таулары, оңтүстігінде Кемелбек қыстауы мен Қаракөз құдығы бар.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында лессинг түсті жусан аралас бұталар, астық тұқымдастар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары