Дмитрий Андреевич Шомко (19 наурыз 1990https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/117989, Екібастұз, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының қорғаушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 2015 жылы Қазақстаның үздік футболшысы атанды. Мансабы Клубтық Шомко мансабын 2006 жылы «Батыр Екібастұз» футбол клубында бастады.

2009 жылы "Ертісте" ойнай бастады. Клуб сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы Астананың «Локомотивіне» жалға берілді, ол жақта Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

2012 жылы «Ертіс» футбол клубына оралды және онымен бірге ел вице-чемпионы және Қазақстан кубогының финалисті болды.

2014 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, қатарынан Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды, тағы төрт рет Қазақстан Суперкубогын және бір Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

2021 жылдың 12 қаңтарында келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубтан кетті.

2021 жылдың басында "Роторға" ауысты. Жазға дейін ойнады да, Қазақстанға қайта оралып, "Ақтөбе" футболшысы атанды.

Ұлттық құрама 2011 жылы тұңғыш рет ұлттық құрама сапында ойнады. 2013 жылы 4 маусымда Алматыда Болгариямен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты.

2013 жылы 16 қазанда сырт алаңда ӘЧ-2014 іріктеуінде Ирландия қақпасына екінші голды соқты, бұл ойында Қазақстан 1:3 есебімен ұтылды.

2020 жылы Михал Билек құрама бапкерлігінен кеткен соң құрамаға сирек шақырылатын болды.

Жетістіктері

Командалық

«Ертіс»

Қазақстан чемпионатың қола жүлдегері (1): 2010 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2012 Қазақстан кубогының финалисі (1): 2012

«Астана»

Қазақстан чемпионы (6): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 Қазақстан суперкубогы (4): 2011, 2015, 2018, 2019 Қазақстан кубогы (1): 2016

Жеке

Қазақстанның үздік футбошысы: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер

Нэшнл футбол тим сайтындағы профилі Уорлдфутболнет сайтындағы профилі УЕФА сайтындағы профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Батыр ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-2003 ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ротор ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары