Рамстедт Густав Йон (22. 10. 1873, Экенес,— 25. 11. 1950, Хельсинки) — фин тілі маманы, Хельсинки университетінің профессоры (1917— 1941), монғол жөне алтай тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеушілердің бірі. 1898 жылдан Монғолияда, Волга бойы мен қалмақ далаларында, Кушки т. б. жерлерде экспедицияда болып, олардан жинаған материалдары бойынша түркі және тұңгыс-маньчжур тілдеріне байланысты еңбектер жариялады. Ол орал-алтай тілдерінің генетикалық туыстығы туралы жорамалдарды қолдап, корей және жапон тілдерін алтай тілдері қатарына жатқызады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Густав Йон Рамстедт · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.