Антонио Кирога (; , Бетансос — , Мадрид) — 1820—23 жылдардағы Испан революциясына белсене қатысқан революционер. 1808—13 жылда Кирога француз басқыншыларына қарсы соғысқа қатысты. 1815 ж. Галисия көтерілісі басшыларының бірі. 1820 ж. 1 қаңтарда Кадис түбінде көтеріліс жасаған әскерлер Леон аралына келген соң (7 қаңтар), Кирога осы әскерлердің іс жүзіндегі басшысы болды. Кортеске сайланды. 1823 ж. жазда Галисиядағы роялистермен шайқасқан әскерлердің командирі. Революция жеңіліске ұшырағаннан кейін эмиграцияға кетіп, Испанияға 1833 ж. оралды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 5 том
Дереккөздер
Санат:1784 жылы туғандар Санат:1841 жылы қайтыс болғандар
Санат:Испания саясаткерлері