Майөзек – Жәмші алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, ірі саласы - Керуенбұлақ (13 км).
Бастауы Бастауын Қызылтас тауының (1086 м) батыс-беткейіндегі бұлақтардан алып, Нүркен ауылынан жоғары Жәмші өзенінің саласы - Түлкілі өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысының 10 км-дей арнасы таудың жарқабақты шатқалымен өтеді. Орта және төменгі арнасының аңғары кең. Алабы мал жайылымына қолайлы. Жаз айларында арнасында су болмайды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы