thumb|right|200px|Фридрих Ницше Тағдырға махаббат — amor fati латын тілінде айтылған сөз, неміс ойшылы Фридрих Ницше көп қолданған ұғымдардың бірі. Ол адамның осынау ұлы өмірге мәмілесінің бір үлгісі. Мағынасы: өмір, мейлі ол қайғылы, азапты, сәтсіздікке толы болса да, көңілді, бақытты, мағыналы болса да өмірдегінің бәрі жақсы, бәрін қабылдау керек, өмірді оның жақсылығымен жамандығын бірдей сүю керек. Тағдырға махаббат сезімімен өмір сүретін адам барлық жағдай мен баршаға бірдей сүйіспеншілікпен, көңілді түрде мәміле жасайды. Өмір ол үшін ең керемет құндылық, ең ғажайып сый, сондықтан өмірді оның жамандығымен қосып жақсы көреді.
Бұл терминді ежелгі Рим империясының императоры, әрі әйгілі философы Марк Аврелий өзінің "Ат үстіндегі толғаныс" (грек тілінде жазған) кітабында қолданбаған, бірақ оның бүкіл идеясынан осындай мағына шығады.Meditations IV.23: "All that is in accord with you is in accord with me, O World! Nothing which occurs at the right time for you comes too soon or too late for me. All that your seasons produce, O Nature, is fruit for me. It is from you that all things come: all things are within you, and all things move toward you."—as quoted in Hadot (1998), p. 143.
Бұл термин Ф.Ницшенің кітаптарында көп кездеседі, тіпті оның өміртанымының негізгі тірек ойларының бірі есептеледі. Әсіресе оның «Шаттық ілімі» кітабында арнаулы түрде түсіндірулер жасалған. Онда былай делінеді:
«Қараңдаршы мына адамға» кітабының "Мен неге осынша сұңғыламын" деген тарауында былай дейді: Basic Writings of Nietzsche. trans. and ed. by Walter Kaufmann (1967), p. 714. Дереккөздер
Санат:Философия Санат:Фридрих Ницше Санат:Тағдыр