Имамедин Әмірғалиев (1898 жыл, Бөкей Ордасы ауданы, Ноғайбай ауылы - ө.ж.б.) - жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1949 жыл 22 қазан). Еңбек жолы Қазан революциясына дейін байдың малын баққан. Кеңес үкіметі кезінде С.М.Буденный атындағы ұжымшарда, кейін М.Мәметова атындағы ұжымшарда бақташы, жылқышы болды. Қарамағындағы табынын шығынсыз бағып, төл алуда жоғары жетістіктерге жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жеке тектік құжаттарға шолу
Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1898 жылы туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары