Учка тоннелі (хорв. Tunel Učka) - Хорватияның А8 магистраліндегі автомобильдік тоннель. Тоннель ұзындығы - 5062 метр, ол Хорватиядағы ұзындығы бойынша Мала-Капела және Свети-Роктан кейінгі 3-ші орынды алатын тоннель. Тоннель диаметрі - 9,1 м. Учка Истрияның шығыс жағаларын көтеріңкі орталық бөлігімен жалғайды; Истрияның ең биік жотасы, Учка тауының астынан өтеді. Учка тоннелі - А8 магистралінің жалғыз ақылы бөлігі, төлеу пункттері тоннелге кірер және шығатын жерлерінде орналасқан. 2011 жылғы деректер бойынша тоннельден өту ақысы, прицепсіз жеңіл мәшинелер үшін 28 [күн]де, ал мотоциклдер үшін 17 [күн]ді құрағанпрайс-лист на сайте оператора трассы. Бірқатар кемшіліктеріне қарамастан жоғары төлем ақысы хорватиялық БАҚ - тың тарапынан критикаға ие болды. Тоннель құрылысы 1978 жылы басталып, пайдалануға 1981 жылы, 28 қыркүйекте берілді. Тоннель ішіндегі қозғалыс екі бағытта да бір қатармен жүргізіледі. Тоннель ішінде автокөлік жылдамдығы шектелген, максималды жылдамдық - 80км/сағ. Тоннель 83 видеокамерамен, 39 өрт гидранттарымен 74 құтқару қызметін шақыруға арналған аппараттармен және 5 төтенше тоқтау зоналарымен жабдықталғанThe most important road structures. Қазіргі кезде тоннельдің екінші кезекті құрылысы басталды (біріншісінен солтүстікке қарай). Учка тоннелінде күндізгі орташа жылдық трафик 8019 автомобильді құрайды, ал жаздағы күндізгі трафик - 11511 автомобиль«Traffic counting on the roadways of Croatia in 2009 — digest». Hrvatske ceste. мамыр 1, 2010 .

Дереккөздер

Сілтемелер The most important road structures (сайт оператора трассы)

Санат:Хорватия тоннельдері