Қонай Жаркөл, Құнай Жаркөл — Жаркөл көлінің оңтүстік-батысындағы ағынды көл. Тобыл өзені алабында.

Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 190 м биіктікте жатыр.

Сипаты Аумағы 4,5 км2, су жиналатын алабы 80,6 км2. Ұзындығы 4 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Солтүстігінде Ұзынкөл, Жатқамбай, шығысында Саратовское көлдері бар. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірде ериді. Жағалауына қамыс, бұталар өскен. Көлден Рудный кен орындарына канал тартылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы көлдері