Кибальчич Николай Иванович (, қазіргі Чернигов облысы, Короп қаласы, - , Санкт-Петербург) – халықшыл–революционер, адамның ұшуына арналған ракеталық ұшу аппаратының дүние жүзіндегі тұңғыш жобасын жасаушы. Оның жобасында қатты отынды ракеталық двигатель құрылысы, двигательді бұру арқылы ұшу бағытын өзгерту, аппараттың орнықтылығын қамтамасыз ету т.б. мәселелер қарастырылған.
Биографиясы Кибальчич 1871 – 1875 жылдары Петербург жол қатынасы институты мен дәрігерлік – хирургиялық академиясында оқыған. 1875 жылы халықшылар әдебиетін жасырып ұстағаны үшін сотталып, 3 жылдай түрмеде отырды. 1879 жылдан астыртын жағдайға көшіп, “Халық азаттығы” атқару комитетінің қопарғыш заттар лабораториясын басқарды. Кибальчич өз жобасын түрмеде отырған кезде жазған. Айдың көрінбейтін бетіндегі кратердің бірі Кибальчич есімімен аталды .Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:Коропта туғандар Санат:27 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы ғалымдары Санат:Зымыран-ғарыштық жүйе құрастырушылары Санат:Ресей империясы өнертапқыштары Санат:Халық еркін білдірушілер Санат:Ресей социалистері Санат:Кеңестік ғарыштану негізін қалаушылар Санат:Өлім жазасына кесілгендер революционерлер Санат:Өлім жазасына кесілген ғалымдар Санат:Кісі өлімі үшін өлім жазасына кесілгендер Санат:Ресей империясында өлім жазасына кесілгендер Санат:9 қаңтар құрбандарын есте сақтау зиратында жерленгендер Санат:XIX ғасыр ғалымдары Санат:1880 жж. өлім жазасына кесілгендер