Ки Сон Ён (; 24 қаңтар 1989 жыл, Кванджу, Оңтүстік Корея) - кореялық футболшы. «Сеул» клубының және өз елінің құрама командасының ойыншысы. 2008 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның атынан ойнап жүр. Оның атынан 66 матчқа қатысып, 5 гол салды. «Азия жолбарыстары» құрамасында болып, Ки 2010 жылғы әлем чемпионатына, 2011 жылда Азия кубогына және 2008-2012 жылдарда олимпиадалық ойындарына қатысты.
Балалық шағы Ки 1989 жылдың 24 қаңтарында Кванджу қаласында дүниеге келді. Оның әкесі, бұрынғы футболшы, Сон Енды ағылшын тілін жетік менгеріп, футболдың нағыз ойыншысы болсын деген ниетпен Австралияға оқуға жібереді. Ал Ки Брисбенде орналасқан «Джон Пол» атты спорт мектебіне оқуға түседі. Өзінің шеберлігінің арқасында жас футболшы 15 жастағыларға арналған Билл Тернер Кубогын ұту үшін өз командасына үлкен үлесін қосады. 2006 жылы жас ойыншыға футболмен профессионалы түрде айналысуға екі жерден ұсыныс жасалады. Ки өз отанынына қайтып, «Сеул» корейлық клубының ұсынысын қабылдайды.
Карьерасы Ки Сон Ён Сеул (2007-2009), Селтик(2009-12), Суонси Сити(2012-15), Сандерленд (2013-14) клубтарында ойнайды. Ол 2014 жылы Оңтүстік Кореяның құрама командасына әлем чемпионатына алынды. Үш матчты ойнап, команда ұтылыс алғанға дейін ойнайды.
Жетістікреі
Командалық «Сеул»
Лига кубогы: 2006
«Селтик»
Шотландия чемпионы: 2011/12 Шотландия кубогы: 2010/11
«Суонси Сити»
Лига кубогы: 2012/13
Оңтүстік Корея
Азия кубогының финалисі: 2015 Азия кубогының қола жүлдегері: 2011 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 2012
Жеке
Оңтүстік Корея чемпионатының символикалық құрамы (2): 2008, 2009 Азияның үздік жас ойыншысы: 2009
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік Корея футболшылары Санат:Корея Республикасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Суонси Сити ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Сеул ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері