thumb|Гузен концлагерінің орталық кіреберісі Маутхаузен () — неміс-фашистерінің концентрациялық лагері. 1938 жылы Маутхаузен (Австрия) қаласынан 4 км жерде, Дахау коцлагерінің "бөлімшесі" ретінде салынды. 1938 - 1945 жылдар аралығында мұнда 335 мыңға тарта адам тұтқында болды. 122 мыңнан астам адам айуандықпен өлтірілді. Соның 32 мыңнан астамы кеңес азаматтары. Маутхаузендегі коммунистер бастаған астырытын ұйым 1945 жылы 5-7 мамырда көтеріліс ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұнда мемориалдық музей ашылды. 1948 жылы Д.М. Қарбышевқа ескерткіш орнатылды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үшінші рейх концентрациялық лагерьлері Санат:Аустрия тарихы